«Алаш Айбары» халықаралық турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті

Сообщить о проблеме с эфиром
8 мемлекеттің беткеұстар аралас жекпе-жек шеберлері жиналған «Алаш Айбары» турнирі тартысты болуға сұранып тұр. Сегізбұрышта болатын шын айқасқа 12 жұптың барлығы тас-түйін дайын. Салмақ өлшеу рәсімінде жағаласып, жалған жарнама жасаған ешкім болмады. Ал өзіне тән «садақ ату» әрекетін Шыңғыс Қайранов көрсетуді ұмытпады. Оның қарсыласы украиналық Алексей Наумов. Ертеңгі жекпе-жекте әлі жеңіліс дәмін татпаған ауыр салмақтағы Асылжан Бақытжанұлы, ресейлік Алексей Кисерға қарсы тұрады. Асылжан Бақытжанұлы, «Alash Pride FC» клубының мүшесі: – Негізі қарсыласым менен 10-15 келі ауыр болып тұр. Енді күресуге көреміз ертең. Қарсыласыма 100 пайыз дайынмын. Ертең барымды саламын. Шынайы төбелестің бірі GRAND PRIX KAZAKHSTAN жобасының финалында, "Alash Pride FC" тұжырымының чемпиондық белбеуін сарапқа салатын Ильяр Асханов пен Жасұлан Қарақұлов арасында өтпекші. Екеуі де жеңістен дәмелі. Жасұлан Қарақұлов, «Тор Теаm» клубының мүшесі: - Ильяр жақсы салмақ қуып тастады. Ол маған кедергі келтірмейді. Төбелесеміз. Салмағының ауырлығы болмаса. Тағы бір тұлғасы таудай ауыр салмақ өкілі Евгений Егембердиев, Ресей азаматы Олег Гренчукпен айқас жасайды. Октогонда жеті рет жеңіс тойлаған Женя жерлесіміз жеңіліс дегенді білмейді. Евгений Егембердиев, «Alash Pride FC» клубының мүшесі: – Жекпе-жекке өзімнің құрған жоспарым бар. Бірақ кездеуде барлығы сенің ойыңдай болмайтыны белгілі. Сегізбұрыш көрсетеді ертең барлығын. 70 келі салмақтағы бұл турнирдің басты айқасы Ерлан Тілеуімбетов пен Лучано Палано арасында өтеді. Бразилиялық азамат сегізбұрышта 18 рет жекпе-жек жасап, 15 кездесуін қиналмай ұтқан сабаз. Ерлан болса, тәжірибелі қарсыласын тыңғылықты зерттепті. Ерлан Тлеуімбетов, «Alash Pride FC» клубының мүшесі: – Ол партерде де, ударкада да жұмыс жасайды. Соның бәрін зерттедік. Нокаутпен ұтқан, әдемі ұтқан, болевоймен ұтқан жақсы. Бірақ момент келіп тұрса тырысамыз, момент келмесе басқа амалын іздейміз ұтатын. Арман Оспанов, «Alash Pride FC» клубының мүшесі: - Көптен бері елімізде жақсы жарыс болмаған еді. Ел жұрт сағынып қалғаны көрініп тұр. Ертең бірінші сәуір күні бұл сайыс болады. Келіп қолдау көрсетіңіздер. Сегіз елдің сабаздары жекпе-жек жасағанда, болады деп бір қызық, жанкүйер жұрт алақанын ысқылап отыр.