Ринат Гайсин отандық орындаушылардың тізімін толықтыра ала ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші ретінде аудитория жинағым келеді! Ринат Гайсин отандық орындаушылардың тізімін толықтыра ала ма?!

Сән әлемінен ән әлеміне! Бүгінде бар уақытын студияда өткізіп жатқан Ринат Гайсин, алдағы уақытта отандық эстрададағы орындаушылардың тізіміне енуге ниетті. Өнер иесінің жаңа альбомында енді «ӘНШІ Гайсиннің» тың тректерін тыңдай аласыздар! Сазгердің осыдан 17 жыл бұрын сахнаға ән айтып шыққаны әлі есінде. 2000-шы жылы «Ойлай берме» атты су жаңа туындысын тыңдарманға ұсынған Гайсин, әншілік мансабына үзіліс жариялаған-ды. Ринат Гайсин, композитор: -Содан бері мен өзім әнді де айтқан жоқпын, өйткені өзімнің басқа жұмыстарым болды, киноға музыка жазу жұмыстарым болды. Менің әншілікке алып бара жатқан көп ниетім де болған жоқ! Сосын уақытта болмаған болар! Одан кейін өзімнің шет елдік көп деген сапарларым болды, жұмыстарым болды, сабағым болды. Бүгінде бар күш-жігерін жаңа альбомның жұмысына бағыттаған музыкант үнтаспаға 18 тректі тоғыстырмақ. Тізімде аспаптық туындылар, киноға жазылған шығармалар мен әндер бар. Ал, күйтабақтың 30 пайызы композициядан тұрса, 70-і Ринаттың әншілік қырын насихаттамақ! Ринат Гайсин, композитор: -Жалпы, менің мақсатым сол тыңдармандарға осында біршама жылдың ішінде жиналған архивті, туыныдыларды жеткізу болды. Өйткені, ол әндер жатпау керек, ол әндерді шығару керек, жеткізуге керек тыңдарманға, сондай бір ниетпен жазылатын сәт! Бір қызығы, Ринат – мықты музыкант, пысық продюсер, кәсіби композитор атанғанымен, әнші болуды қаламайтын көрінеді. Бірақ, Гайсин ән айтса, сахнаны саралап, таңдап-талғап шығамын деп отыр. Ринат Гайсин, композитор: -Жақсы музыкалық кештер болса, жақсы жанды дауыспен беретін сондай бір сәттер болса неге жоқ, өзімнің мысалы шағын ғана тобым бар музыканттармен үлессе, әрине өзімнің концертімде де беремін. Өзімнің сондай мақсатым бар. Ал, дәл қазір әзірленіп жатқан альбомның тұсауы осы жылдың күз мезгілінде кесілетін болады!