«Moonlight» тобы! Отандық шоу-бизнестегі бойзбендтердің саны тағы бір топпен толықты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Moonlight» тобы! Отандық шоу-бизнестегі бойзбендтердің саны тағы бір топпен толықты. 5 жігіттен тұратын ұжым өздеріне «Moonlight» деген атау берген. Ал, өнерге енді қадам басқан бозбалалар ән әлемінде қандай бағытты таңдады?

Еркехан, Ерік, Аңсат, Азамат және Руфат! Бұл бестік 2016 жылдың қыркүйек айында ән әлемінде алғашқы қадамдарын жасаған. Ал, соңғы жылдары отандық шоу-бизнесте күрт көбейген жас музыкалық топтардың ішінде бұл ұжым қандай ерекшелігімен елді елеңдетпек?!

«Moonlight» тобы: -Әрқайсысының да өздерінің орындары бар. Өздерінің бағыттары бар. Біздің бағыт көбінесе батыс елдеріне қарай жақынырақ. Европа, Америка.

Бес жігіттен жасақталған топ «Moonlight» деп аталады. Бойзбенд құрылған күні топ продюсері қызды болып, ұжымның қуанышы еселене түскен. Осылайша, дүниеге келген жас сәбидің есімі бұл бестіктің ресми атауына айналған.

«Moonlight» тобы: -Ол қыздың аты Айым! Сол себепті біз ағылшынша «Moon» және де айдың сәулесі «Moonlight». Және тағы екінші зат бар. Ол біз түнде жұмыс істейміз көбінесе өлең жазған кезде. Көп әндеріміз айдың жарығымен шығады...

Күні кеше «Moonlight» музыканттары алғашқы бейнебаянның тұсауын кесті. «Токио» деп аталатын тың туындыда арманына асыққан бес бозбаланың өмірі суреттеледі.

«Moonlight» тобы: -«Берілмеймін» деген сөзге қатысты. Алға, тек алға! Ешқашан жеңілмей, берілмей, армандарыңа қолдарыңды созудан жалықпай, үміттеріңді үзбей, тек қана өздеріңнің сүйікті істегің келген істеріңді соңына дейін аяқтап, соған тұрақты болып және адал болуды көрсеткіміз келді.