«Ninety one» иглздарына тағы да жақындай түспек! Q - поперлер таяуда аймақтарға турнесін бастайды

Сообщить о проблеме с эфиром

Иглз бұл сәтті ұзақ күтті! «Ninety one-дық» мэмберлердің тыңдармандырмен қауышатын күні жақын! Олар «Қараңғы жарық» үнтаспасын таныстырып, аймақтарға турнесін бастамақ!

Талдықорған, Тараз, Орал, Ақтау, Қостанай, Өскемен мен Семей, Қарағанды! «Ninety one-ның» биылғы жылдың тұңғыш жаздық турнесіндегі тізіміне енген қалалар осы! Q — поперлер бұл ән сапарды «Қараңғы жарық» күйтабағы мен таяуда үлкен экранға шығатын фильмдеріне орай ұйымдастырып отыр!

Әр шаһарға табан тіреген тұста фан – митинг өткізіп, фан-cайнға қатысатын болады! Иглз үшін жігіттермен сұқбаттасып, қолтаңбасын алып, фотосессияға қатысуына һәм концертке кіруіне мүмкіндік сыйлайтын билет құны – 6000 теңге! Ал, тек ән кешіне – 4000 теңге төлеп кіре аласыз.

«Ninety one» мэмберлердің Алматы мен Астанадағы концерттері күздің алғашқы айларында өтпек.