«Найнти уанның» аймақтарға турнесі қалай өтіп жатыр? Мемберлер тағы бір бейнебаянын таныстырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Тәуекел, «Найнти уан»-дық мемберлердің турнесі кеше Таразда жалғасыпты! Иглздардың өз кумирлерін әбден сағынған деседі! - Енді, «91»-дің жігіттері қашан да сұраныста ғой! - Тіпті, кю-поперлерді көргенде көз жасына ерік берген арулар да табылды. Бірақ, сен бұған таңқала қоймассың! Өзіңнің жеке табынушыларың да, алдыңа келгенде эмоциясын талай жасыра алмай қалған шығар?!

Мемберлермен жүзбе-жүз кездесіп, сүйікті синглдарын бірге шырқауға мүмкіндік берген алаңға Тараздық иглз бірнеше сағат бұрын жиналған!

Қобалжуын баса алмаған кейбірі тіпті көз жасына да ерік берді. Расында да, кю-поперлер тыңдармандарының шынайы эмоциясын бүкпесіз шығаруына барын салады.

Саханадағы еркіндік, иглзбен қарым-қатынас жасай білуімен де «91»-ліктер ерек. Тіпті, жігіттерге деген иглздың қимастығы кездесудің уақытын біразға дейін ұзартып жіберді. «Найнти уан»-ның ендігі табан тірейтін мекені – Орал қаласы болмақ.

«Қараңғы жарық» үнтаспасындағы тың туындыларын таныстыруды олар турне аясында да жалғастырады! Мәселен, таяу күндерде тағы бір бейнебаянның тұсауы кесілмек. Әзірге, тизерімен танысыңыз!

«Ninety One» тобы: – Біртүрлі баяу өлең! Не үшін ол баяу емес, не үшін баяу деп аталады. Оны декодингте түсінесіздер.

Барынша жұмбақтап сөйлесе де, серілер тағы біраз құпияның құлпын ағытты. Бейнебаянда Эйзи өзінің жаңа қырын танытпақ. Жігіттердің стилін толықтай өзі қалыптасырған екен.

«Ninety One» тобы: – Бейнебаянда бастан-аяқ киіндірген Эйзи! Киімдерді өзі барып қарап, өзі таңдап киіндіру қиын екен бізді. Барып, жүріп, соны таңдап көп жүру керек болған. Мысалы, 10 сағаттай.

Жаңа бейнебаян әдеттегідей тек НТК эфирінен шықпақ! Алдағы сенбі, яғни 8-ші шілде күні бойына арнамыздан көре аласыздар!