Джон Малкович «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттайды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдік кинематографияның мега – жұлдызы Джон Малкович Астанаға келді. Актер «Еуразия » кинофестивалінің жабылу салтанатына қатысып, оза шапқан картиналарды марапаттамақ.

Ол елордалық студенттерге шеберлік-сабағын өткізіп, балалар ауруханасына да баруға ниетті.

Тағы бір негізгі мақсаты, қазақстандық киноөндіріске тереңірек бойлау! Малковичтің сөзінше, бұған дейін біздің режиссерлерден, тек Ермек Шынарбаевпен кинобәйгелердің бірінде танысыпты.