Бүгінгі әзілдің деңгейі қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінгі әзілдің деңгейі қандай?! Бұл сауал төңірегінде «Бауыржан шоудың» экс-әртістерінің арасында қызу пікірталас. Бірі театр қалжыңдарына жоғары баға берсе, енді бірі КВН өкілдерінің өнеріне тәнті болғанын айтады. Әзіл әлемі кейіпкерлерінің сахна сыртындағы бұл тартысына Серікқазы Аязбаев куә болған еді...

Қазіргі таңда «Қазақы қалжыңның құны түсіп, сатира салмағы төмендеген күн туды» - дейді, «Бауыржан шоу» театрының қос қарлығашы... Бақыт Әліпбаев, актриса: -Анайы қылықтарды сахнадан көрсетуді мен кемшілік деп есептеймін. Болмайтын нәрсені кейде күлкіге айналдыра береді.

Қарагөз Тілеубекова,актриса: -Мен бүйтіп қимылмен көрсетсем, не болмаса жаңағы қыздың киімін киіп, былай айтқан кезде жаңағы жастардың форматымен «Эйй, че ты там», немесе «А че там» деп айтсам халық дуу етіп күле қалады. Ооо, біз өмірде сүйтіп сөйлейміз ғой деп мәз болады. Ол күлкі емес қой, өнер емес қой.

Алайда, кезінде Қаракөз ханыммен бір театрда өнер көрсеткен Жанатбек, көңілді тапқырлар клубы кейіпкерлерінің қалжыңын жоғары бағалайды. Жанатбек Бәйтеков,актер: -КВН-шілер ішінде де бір дұрыс, кейде көптің аузына түсе бермейтін әдемі әзілдері бар мысалға. Эстрадалық бағытқа сай өте әдемі әзілдері бар. Мұның бәрін жоққа шығарып, жоқ қылып жіберуге болмайды.

Иә, бүгінде актер мамандығын меңгермесе де, КВН жұлдыздарының дәурені жүріп тұр. Ал, кезінде қалжыңның шаңын қаққан үлкен буын әзілкештеріміз қазір тоқырауға тап болған ба?! Алмат Сақатов,актер: -Бұрынғыдай жас емеспіз. Мотор сәл өшкен, фар кеткен, май ағады деген сияқты. Мен енді әзіл жаман, жақсы деп айта алмаймын. Енді жіптің екі басы сияқты мына жағында да кемшілік бар, мына жағында да кемшілік бар...

Заманауи әзілдің салмағын саралаған әртістер қауымы, сатирик Марат Сақатовты еске алу кешінде бас қосқан еді...