Ерке Есмахан ата-атанасының отасқандарына 50 жыл толуын дүркіретіп атап өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік жұлдыздар Бакудегі қызыл кілем салтанатында көңіл көтеріп жатқан тұста, Ерке Есмахан ерекше пати ұйымдастырды. Ақтөбедегі жекежайының ауласына қазақ үй тігіп, ата-атанасының отасқандарына 50 жыл толуын дүркіретіп атап өтті.

Есмахан әулетіндегі «алтын тойға» Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай мен Қуандық Рахым ортақтасып қайтты. Қара шаңырағын әсем безендіріп, ауласына аста-төк дастархан жасап, салтанат ұйымдастыруының себебін әнші ару ерекшеленгісі келгенімен түсіндірді. Әкесі – Әбдіраш пен анасы – Мақпалдың үзеңгілестері мен немере, шөберелері үшін бұл ұмытылмас кеш болғаны анық.

Еркенің Алматадыға құрбылары мен әріптестері болса, Балжан Бидаштың 22 жасқа толған туған күн кешінде бас қосты. Сарадан өзге «Кешьюлік» арулар мен «Алаулық» серілер караокеде ән салып, бидің түбін түсірді.

Бірақ, бұл кеште бикештердің продюсерлері бой көрсетпеді. Онысы түсінікті де шығар. Себебі, Баян Мақсатқызы жайлауда «Еңлік – Кебек» телехикаясын таспалап, әжелермен ауылдың алты ауызын шырқап жүр.

Бұл уик-энд экс - «Юфреймдік» ару Адина Топашева мен қуыршақ сәнбике – Динара Рахимбаева үшін де ұмытылымастай өтіп жатқанға ұқсайды. Еуротурларын Миландағы шопингтен бастаған қос сылқым, бүгінде Парижге табан тіреді. Эйфель мұнарасы айналасындағы романтикаға толы серуендері әлі біраз күнге ұласады.