Димаш Құдайбергенов «Евровидение» байқауына лайықты! Аталмыш конкурстың жеңімпазы, қазақ баласына оң бағасын берді!   

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жігіт «Евровидение» байқауының бас жүлдесін еншілеген - Эльдар Гасымов! Ол 2011-ші жылы Әзірбайжан елінің намысын қорғаған болатын. Қазақстанға іс-сапармен келген әнші, аталмыш додада Димаш та топ жарады деп топшылады.  

Димаш Құдайбергенов,  әнші (22.02.2016ж):

- «Евровидение» байқауына ұсыныс тастадық, «Еуроодаққа». Оның жауабын күтіп жатырмыз. Айта кететін қуанарлық жағдай. Осы «Евровидениенің» сайтына салған кезде менің өнер көрсеткенімді. Қуана-қуана қатысқанын біз тамашалаған болар едік деп жазып жатыр.

Осыдан 1,5 жыл бұрын, «Ревюньюске» сұхбат берген Құдайбергеновтің бұл жағымды жаңалығы жұртты қуантқаны рас. Алайда, қазақ баласының «Евровидение» байқауына қатысты жоспары жүзеге аспаса да, бүгінде Димаш әлемге танылып үлгерді.

Димаштың өнеріне «Евровидение» байқауының бас жүлдесін еншілеген Эльдар Гасымов та оң бағасын беріп отыр. 2011-ші жылы аталмыш ән додасында жүзден жүйрік шыққан әзірбайжандық әнші мен қазақ баласы ертең дуэт жазса таң қалмаңыз!

Эльдар Гасымов , «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы:

-Қазақстанда талантты жастар өте көп! Жақында ғана Димашпен таныстым. Бұл жерде өте танымал екенін естідім. Менің ойымша алдағы уақытта, бірнеше жобаларды бірлесіп жарыққа шығару жоспарымыз жүзеге асуы мүмкін.  

Сонымен қатар, Қазақстанға ат басын бұрған Эльдар, Димаштың вокалдық мүмкіндіктеріне де тәнті болғанын жасырмады. Тіпті, «Евровидениеде» ел намысын қорғап, аталмыш байқауда топ жаруға Құдайбергеновтің қабілеті мол екеніне сенімді.

Эльдар Гасымов, «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы:

-Мен Димаштың бірнеше видеоларын көріп шықтым. Дауысын тыңдадым. Менің ойымша, Құдайбергенов «Евровидение» байқауында бақ сынауға лайықты өнерпаз деп білемін. Алдағы жылдары аталмыш конкурста қазақстандық қатысушыларды көреміз деген үміт бар.