Махаббаттың заманауи символына айналған Марлен мен Әнелдің қуанышты хабары бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгін бақытты күндерін бастан кешіп жатқан Марлен мен Әнел, кезінде көп қиыншылықты бірге көрді. Тіпті, екі жастың сызат түспеген сезіміне Қазнет қолданушылары да талай мәрте тәнті болған еді. Алайда, таяқтың екі ұшы бар! Осыдан 7 жыл бұрын, сүйіктісі сырқатқа шалдыққан сәтте оқуын тастап, қиын кезеңдерде қызының қасында болған ғашық жігітті сынағандардың санында шек болмапты.

 

Мәрлен мен Әнел:

-Қарсылық білдіргендер болды. Қазір бәрі Аллаға шүкір жақсы. Бәрі орынына келді деп айтуға болады дәлірек айтқанда. Бұрын айтқан адамдарда қазір түсіністікпен қарап, оларда түсініп, өмір болған соң қателеседі, қателеспейтін адам болмайды ғой. Оның барлығына түсіністікпен қараймын. Менің өмірім ренжулі емес, менің ешкімге де ренішім жоқ. Тек өзімнің отбасым, болашақ жан жарым, алдағы өмірім өзімнің ойымдағыдай арманыма жеткім келеді.

Иә, бір-біріне деген адал махаббаты, қазір екі жасқа танымалдылықты да тарту етті. Алайда, талайды тамсандырған қос ғашық қарапайым қалыптан танбақ емес. 

Мәрлен мен  Әнел:

-Әрине, фотоға түсетіндер болады. Біз олардың ешқайсысына айтпаймыз түспейміз деп. Түсеміз фотоға. Бірақ, қарапайым болып біз көшеде жүре береміз.

Бәрін айт та бірін айт! Осыдан 2 жыл бұрын некесін қидырған Марлен мен Әнел қазіргі таңда дүбірлі тойға әзірлікті бастап кеткен. Адалдығымен талай жастарға үлгі болған Құлсарылық қос ғашықтың қуанышты хабары бар!  

Мәрлен мен  Әнел:

-Алла қаласа, болады той. Жақында міндетті түрде. Аллаһтың қалауымен!