Адам Сэндлердің жаңа жанұясы. Лос-Анджелесте «История семьи Майровиц» комедиясының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Адам Сэндлер, Элизабет Марвел, Бен Стиллер, Дастин Хоффман енді ортақ отбасы мүшелері. Ал, олардың басын қосқан, дарынды режиссер Ноа Баумбак.

Лос-Анджелесте «История семьи Майровиц» картинасының премьерасы өтті. Тұсаукесерге келген актерлер тобы, кинолента желісіндегідей, шын өмірде де  үлкен жанұяға айналып кеткендей. Аталмыш туындыда әке рөлін сомдаған Дастин Хоффман, сұхбат барысында Адам Сэндлердің галстугін жөнге келтіріп, фильмдегі ұлына қамқорлық танытты.

Дастин Хоффман, актер:
-Ең жақсы адамдар менің айналамда. Картинада ойнаған актерлер де кермет жандар. Біз түсірген фильм де тартымды шығуы тиіс деп ойлаймын.

Драма мен комедия жанрын тоғыстырған картина, бір отбасының басынан өткерген оқиға желісі бойынша түсірілген. Өзара тіл табыса алмаған бауырлар мен балаларының татулығы үшін барын салған әкенің образы картина шырайы.

Адам Сэндлер, актер:
-Бұл өте тамаша фильм. Әрқайсысының рөлі өте қиын деп айта аламын. Және де, мен режиссер Ноа-мен қатар жұмыс істегеніме қуаныштымын. Ол расымен өте дарынды жандардың бірі.

Ең алғаш Канн фестивалінде киногерлер қауымының назарына ұсынылған картинаға, сыншылар оң қабақ танытқан болатын. Ал, Адам Сэндлердің фильмдегі еңбегі «үздік актерлік ойын» ретінде бағаланған еді.