Миллион доллар касса жинап, рекорд жаңартқан «Бизнес по казахскийдің» жалғасы да табысты бола ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахский» картинасы - үлкен экраннан көрсетілген уик-эндтерде миллион доллар касса жинап, рекорд жаңартқан тұңғыш отандық туынды. Екі ай бойы, сеанстары үздікссіз жүрген алғашқы фильм ретінде де атауға болады!

Продюсерге тырнақ алды туындысының бас айналдырарлық табысы қосымша шабыт сыйлағандай. Ол жазда командасымен, Лос – Анджелесте киноның екінші бөлімін таспалап қайтқанды. Бүгін, трейлерін ұсынды. Қонақ үйге «бес жұлдыз» дәрежесін алу үшін бәсекелесетін, Америкадағы қазақтар жайлы картинада Гүлназ Жоланова, Абунасыр Серіков, Жан Байжанбаев сынды актерлар төбе көрсетеді.