Топтан кеткеніме өкінбеймін! «One Direction»-дық Найл Хоран тағы қандай ісімен таңқалтты?

Сообщить о проблеме с эфиром

«One Direction»-ның экс мүшесі Найл Хоран да, жетістік жолында өзгелерден қалысар емес. Топтан кеткен соң, қалың көпшілік әншінің ісі өрге баспайды деп болжаған. Алайда өнерпаз, жұрт сөзіне өз еңбегінің нәтижесімен жауап берді.

 

152 000 дана! Небәрі бір аптаның ішінде дәл осынша альбом саудалаған Найл Хорран, «Билборд» чартының көшін бастады. Өзінің күйтабағын «Flicker» яғни, «Жарқырау» деп атаған әншінің, «One Direction» тобынан кеткелі шығармашылық шабыты асқақтай түскендей...

Кевин Спейсидің басына қара бұлт үйірілді. Харви Вайнштейіннің ізімен, сексуалды зорлық көрсетті деп айыпталған ол, барлығынан әп сәтте айырылып қалмақ. Күні кеше, актер арнайы «Эммидің негізін қалаушылар» марапатына лайықты деп танылған болатын. Енді, Америкалық киноакадемия өнерпаздың бұл жүлдесін де қайтаруды сұрапты.

Сәнбике Белла Хадид, ұшы-қиыры жоқ түсірілімдерден қатты шаршады! Күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққан ол, өз-өзіне демалыс жариялауды жөн санапты. Дәл қазіргі сәтте Белла, құрбысы Гарбриэлламен уақытын Италияда өткізуде.