«Найнти уандық» мемберлер үздіктерді анықтады! «Қағаз кеме» кавер байқауының жеңімпазы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандық» мемберлер «Қағаз кеме» кавер байқауының үздіктерін анықтады! «Белсенділік таңқалдырды» - дейді жігіттер! Себебі, додаға қатысуға ниет білдірген мыңнан аса жанның видеоларын түгел қарап, оза шапқандарын таңдау оңай болмаған.

Сонымен, мемберлердің қолтаңбасы қойылған постер – үшінші орынды еншілеген Бақытбек Мұратұлына жолданатын болады. Ал, екінші сатыға жайғасқан Алидар есімді жігіт «91»-ліктердің үнтаспасына ие болмақ!

Мемберлердің бірімен телефон арқылы тілдесу – кез-келген иглздың арманы болар! Бұл бақыт - алтын жүлдегі қол жеткізген Ляззат Сұлтановаға ғана бұйырды. Креативті идеясымен көзге түскен Әмірхан Мақасатты да, серілер назардан тыс қалдыра алмады. Сондықтан, сіз де қолтаңба қойылған постерді күтіңіз!