«Moonlight» тобы фан-митингте алғашқы махаббаттарына ән арнады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Алғашқы махаббат жүректі тербейді!» Иә, бұл бірінші мәрте фан-митинг өткізген «Мунлайттық» жігіттердің жай-күйі. Кумирлерімен кездесуге келген бестіктің жанкүйерлері, әншілердің бала ғашығын білгісі келіп, серілерді сауалдың астына алған. Ал, топ мүшелері тығырықтан қалай шықты?! 

Иә, серілерді сұрақтың астына алған тыңдарманның бұл қылығы орынды. Өйткені, «Мунлайттық» музыканттардың адал жанкүйерлерімен тұңғыш рет кездесуі. «Айкезбелер» фан-домының бірінші, сауалы алғашқы махаббат жайында...

Еркехан Абдолдаев, «Moonlight» тобының әншісі:

-Менің Нұргүл деген қызым болған. Менің атым Еркехан, бұрын болға, иә! Кішкентай кезімізде ғой, мен баламын ол кезде. Менен «Еркені» алдық, одан «гүлді» алдық. Сонда «Еркегүл», иә?! Сол себепті, өлеңнің аты «Еркегүлім...» Ең бірінші осылай болған.

Иә, бұл топ әншісі Еркеханның бала ғашығына арнаған әні! Фан-митингке тұсауы да кесілді. Ал, тосыннан қойылған сауал, бестіктің өзге мүшелерін тығырыққа тіреді. Мәселен, топтағы Азамат пен Аңсаттың алғашқы махаббаты есіне түспей дал болса, Руфат пен Еріктің қыздардан көңілі қалғаны қашан.

 Ерік Төленов, «Moonlight» тобының әншісі:

-Менің негізгі музам - «балықтар». Мен балықтарды қатты жақсы көремін. Олар маған көп сиқыр айтады.

Жігіттердің жеке өміріне арналған сауалдар көшін, шығармашылық хақындағы сұрақтар жалғады. Жүздесуге келген жанкүйерлер, бұл бестіктің кумирлерін білуге ынтық. «Мунлайт» тобы корейлік поп музыкадан аларымыз көп дейді. 

Аңсат Ділбабай, «Moonlight» тобының әншісі:

-Қараймыз, қызығып, көріп алу керек нәрсе болса неге алмасқа, неге қарамасқа деген сияқты ғой. Бірақ, бізге көбінесе ұнайтыны «Бигбэнд», «Табло» солар қалған топтарға қарағанда алға жүреді.

«Айкезбелермен» алғаш рет жүздескен «Мунлайттық» жігіттер бұл бас қосуда кезекті клиптің де тұсауын кесті.