Димаш Құдайбергеновтің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтетін әлемдік турнесіне билеттер аз уақытта сатылып кетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бала күннен арманым болған әлемдік турнемді бастағалы жатырмын!» Димаш Құдайберген кеше дәл осылай жанкүйерлерінен сүйінші сұрағанды. Расында, 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қытайдың Чанча қаласында, әншінің алғашқы концерті өтеді.

Димаш пен оның командасы, аспан асты елінің бірнеше ірі шаһарларын аралап шығуды ниет етіп отыр. Қаңтардағы бұл концерттерге 20-шы қарашадан бастап, билеттер сатылымға шығады.