Victoria's Secret -тің Шанхайдағы көрсетіліміне Джиджи Хадид қатыспайтын болды! Сылқым заң бұзған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Victoria's Secret-тің Шанхайдағы шоуына Джиджи Хадид қатыспайтын болды! Себебі, сылқымға Қытайға кіруге тиым салынған. Бәріне кінәлі Будда мүсіншесі! Сонымен, сәнбике не бүлдірді?

Бұған дейін сылқым, Будда кейпінде жасалған тәттіні жеп, мұрнын тыржитқан видеосын жариялағанды. Дәл сол сәттен бастап, Азия жұртшылығы «біздің дінімізді мазақ еттің» деп айып тағып, сәнбикені жерден алып, жерге салғанды. Дәл осы оқиға, Қытайға кіруге рұқсат беретін құжатты алуына да кедергі болған. Сөйтіп, Джиджи  Victoria's Secret-тің Аспан асты еліндегі шоуынан аластатылды. Есесіне, әпкесі Белла періштелер қатарында.

Сильвестр Сталлоненің де басына қара бұлт үйірілді. Актерға осыдан отыз жыл бұрын, 16 жастағы қызды зорлады деген айып тағылуда. Зардап шегушінің сөзіне сенек, «Изо всех сил» картинасының түсірілімі барысында «мистер Рэмбо» бойжеткенді арынан айырыпты. Бірақ, бұл сөздерін дәлелдейтін бірде-бір айғақ ұсына алмаған.

Серена Уильмяс болса тұрмысқа шығып, ақ келін атанды. Теннисші сылқым мен күйеуі Алексис Огонян, неке қию салтанаттарын жұрт назарынан жырақта атап өтуді жөн көрген. Сөйтіп, Жаңа Орлеанға 250 – ден астам мейман шықырып, дүркіретіп той өткізді.