«Мир Юрского периода-2» фильмінің шағын тизері жарыққа шықты.

Сообщить о проблеме с эфиром

 Бұл қысқа эпизодта картинаның басты кейіпкері, динозаврларды қолға үйретуші Оуэн Грэйди мен велоцирапторды көруге болады.

Динозаврдың баласы мысықтарға тән үн шығарады. Ғаламтор қолданушылары әзілдеп, оған «ақылды динозавр» деп ат қойып та үлгерді. Еске салсақ, «Мир Юрского периода-2» фильмі аталмыш франшизаның 5-ші лентасы болмақ. Ол 2018 жылдың жаз айында жаһандық прокатқа шығады деп жоспарлануда.