Жеке парақшасында сауатты пост жазсам деген Кенталдың шабыты қайда қашты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Кентал жеке парақшасына жариялайтын ерекше жазба таппай қиналып жүр. Оның сөзінше, оқырмандарға өз ойыңды сауатты жеткізу өте маңызды. Алайда, өнерпаздың кей әріптестері бұл пікірімен мүлде келіспейді.

Әлеуметтік желі адам өміріне дендеп енгелі қашан. Ал, суреттердің астына арнайы «пост» қалдыру белгілі-бір мәдениетке айналғандай. Шоу-бизнес жұлдыздары оқырмандарын тың жазбамен таңқалдыру үшін, бүгінде барын салатын болған.

Кентал, әнші:

-Қиналған кездер болады. Мысалғы, ойланасың ғой енді,  басқаша, ерекше жазу керексің. Сондықтан, сол кезде қиналасың.

Жеңісхан Кентал сияқты жазбаға бола, ит әуреге салынбайды. Себебі, түсірілім жұмыстарымен мұрнынан шаншылып жүрген оның, мұндай істермен айналысатын арнайы адамдары бар.

Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:

- Егер де бір жазатын нәрсем болса, сол менің өзімнің пиар командам бар, сол өзімнің жазып, тиісті нәрселерді қазақ тілінде де, орыс тілінде де жазып береді. Пиар командам ол өзімнің дос қыздарым, журналистер, мамандары жоғары.

«Инстаграмдағы постарға бола білімді мамандарды жалдамақ түгілі, оған алтын уақытымды да кетіргім келмейді»,- дейді Әли Оқапов.

Әли Оқапов, әнші:

-Инстаграм жай ғана менің шығармашылығым жайлы. Менің өмірлік көзқарастарым, саясатқа немесе басқа бір шынымен де терең бағыттарға арнамаймын өз посттарымды. Ал, хештегтерді әрине қолданамын, өйткені өте ыңғайлы нәрсе.

Хештег демекші, Асылдық Ақерке Бүркітбаева дәл осы функцияның арқасында мұхиттың арғы бетіндегі фотографтардың көзіне түскен.                                    

Ақерке Бүркітбай, әнші:

-Cол хештегтің арқасында, сонау Нью-Йорктегі бір журнал өздеріне шақырған болатын. Ол хештегте білмеймін неге екенін, сол суретті жүктеген кезде, мен әлем фотографтарының хештегін қосқан болатынмын. Ол мысалы, «фотографы Москвы, фотографы Малайзий»

Ақеркенің сөздері өсуді ойлаған  нер өкілдеріне ой салса керек. Демек,  әрдайым сауатты жазып, хештегтерді тапқыр қолдана білу маңызды.