Жұлдыздар өз қиялындағы сымбатты сері мен әдемі арудың бейнесін құрастырып көрді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Аружан Жазылбекованың көзі, Қарлығаш Мұхамеджанованың сөзі сұлу!  Лидоның мінсіз мүсіні көздің жауын алады. Жұлдыздар ең әдемі арулар мен сымбатты серілерді сұрыптай отырып, идеал жанның бейнесін жасап көрген еді. Бұл тәжірибе біз күтпеген қызықтарға толы болды.  

Көңіліме қонымды кескін Санжар Мәди мен жас актер Асқар Ілиясовқа ғана тиесілі дейді Нағимуша.  Соңғысы, Ақан Сатаевтың «Бизнесмены» картинасында басты рөлді сомдаған жігіт. Екі актердың бет – бейнесін біріктірсе, сылқымның арманындағы ақ боз атты ханзадасының портреті түзіледі.

Нағима Ахметова, вайнер:

– Бет-пішіні Санжар Мәди! Көзі – Асқар, мұрыны – Асқар, мынау – Санжар Мәди.

Сұлулыққа жаны құмар Шакенти, ұнайтын арулардың тізімі де тым ұзақ дейді. Тіпті, арасынан ең көркем бикештерді таңдай алмай біраз әбігерге түсті.

Шәріп Серік, актер:

– Көзі Аружан Жазылбековадай болуы керек. Бойы мына біздің – сұп-сұлу Қарлығаш Мұхамеджановадай болу керек. Жалпы, Дженнифер Лопес сияқты болуы керек. Мүсінді ең бастысы спортпен айналысуы керек.

Шакентиге қарағанда айнымас досы – Нұрлан Батыровтың тізімі жинақылау шықты. Оның талғамына дөп келетін бұрымдылар санаулы ғана. 

Нұрлан Батыров,  вайнер:

– Көзі – Әсел Сағатова сынды, стилі – Лидонікіндей, бет-пішіні – Әсел Сәдуақасова, ерні – Қарлығаш Мұхамеджанованікіндей болу керек.

Соған қарағанда, Нұрлан көркі көз тартар сылқымды аңсап жүрген сынды.