Криштиану Роналду өзіндік тарихи жетістік орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

 «Астана» командасы секілді, жаһандағы ең танымал футболшы Криштиану Роналду да өзіндік тарихи жетістік орнатты! Ол  бесінші рет «Алтын доп» марапатын еншілеп отыр. Серінің дәл осындай қуанышты сәтінде, сүйіктісі Джорджиния қасынан табылған көрінеді...

Жуырда ғана нәрестелі болғанына қарамастан, сәбиін үйіне қалдырған  Джорджина Родригес салтанатты кешке серісіне ере келген. Алайда ару, үздік футболшы атанған жолдасы Криштиану Роналдуды инстаграм желісі арқылы құттықтауды жөн көрген.

-Әрдайым армандаудан жалықпа! Бұл сенің бесінші «Алтын добың». Қасыңда жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін! Мен сені жақсы көрем!

Хадид пен The Weeknd әлі де бір-бірін жақсы көреді! Батыстық БАҚ өкілдерінің сөзінше, Селена Гоместен күдерін үзген рэпер, енді модельді қайта жағалап жүр. Тіпті, музыкантты экс-сүйіктісі ның үйінің маңынан бірнеше рет бәз біреулер байқап қалған..

Ал, әнші Бейонсені дүкен аралап, азық-түлік алып жүрген сәтінде ізін аңдыған жанкүйерлерінің қолына түсті. Бірақ, R'n'B орындаушысына өзін қаумалағандардың ерсі қылығы аса ұнаңқырамаған секілді. Соған қарағанда, танымал жұлдыз бет бояуынсыз суретке мүлде түскісі келмеген.