Нұрлан мен Мұрат! «Қағаз кемедегі» қос кейіпкер ZaQ пен A.Z көңілінен шықты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қағаз кеме» телетуындасында да талай қызықтар орын алуда. Мемберлердің махаббат хикаясы, шиеленіскен шақтарымен сәтті үйлесім тапқандай. Бірақ ғашықтар хикаясы «ZaQ» пен «A.Z» -ге қатысты емес. Жалпы, жігіттер өз образдары туралы не дейді?

«Қағаз кеме» картинасындағы ZaQ пен A.Z-дің көңілді образы көпшіліктің оң бағасын иеленгені сөзсіз. Алайда, көрермен езуіне күлкі ұялатқан қос кейіпкер, о баста телехикая сценариінде мүлде болмаған..

«ZaQ»  пен «A.Z», «Ninety one»  тобының мемберлері:

-Тұра тұр, шындықты айтайық. Біздің кейіпкерлер басында жоқ  болған. Яғни, біз жалпы сериалға түспеу керек болғанбыз.

«ZaQ»  пен «A.Z», «Ninety one»  тобының мемберлері:

-Сол жердегі кейіпкерлеріміздің аты Алай мен Әлихан. Ол он бір нәрсесінші серияны түсіріп жатқан кезде табылды ол аттар.

Кью-поп орындаушылар телехикаядан шет қала жаздаса да, көңілдерін еш түсірмеген. Тіпті, «Қағаз кеме»-нің Нұрланы мен Мұратына сценарийде сөз болмай, мемберлерге тапқырлық танытуға тура келген.

«ZaQ»  пен «A.Z», «Ninety one»  тобының мемберлері:

-Негізінде екеуіміздің кейіпкерлер толықтай фристайл, дәл осы интервью сияқты. Бірақ, екі кейіпкердің негізгі философиясы мынандай. Қатысы жоқ проблемаларға бас қатырмау, нақты мақсатқа жүру деген.

Қос мембер барша иглзды телехикаядағы дәл өз кейіпкерлеріндей жайдары жүзді, жарқын болуға шақырады.