Роботтар мен трансформерлер қызыл кілемде! Лос-Анджелесте «Жұлдызды айқас» фантастикасының тұсауы кесілді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесті темір трансформерлер жан-жақтан қаумалады. Голливуд актерлерімен қатар, қызыл кілеммен жүріп өткен роботтар да танымалдылықтың дәмін татуға дәмелі. Дәл осылай, думанмен аталып өткен «Жұлдызды айқас» картинасының тұсаукесері талай қызыққа толы болған көрінеді...

Киногерлер қауымы «Жұлдызды айқас» франшизасының тұсау кесерін, елден ерек өткізуге барын салған. Роботтар мен арнайы соғылған галактика көлігі секілді «Ең соңғы джедай» -дың кейіпкерлері, әсерлі атмосфера ұсынады.

Қызыл кілем бойымен жүріп өткендер арасында, Кэрри Фишердің қызы Билли Лурд та бар. Анасының жолын қуған ару, туындыда лейтенант Конникс образын сәтті орындаған. Ал, фантастиканың жұлдызына айналған Лея ханшайым көпшілік жадынан ұмытылмақ емес...

Райан Джонсон, режиссер:

-«Жұлдызды шайқас: ең соңғы джедай» Кэрри Фишерден қалған ақырғы естелік. Көрермен қауым, енді дарынды актрисаның еңбегін дәл осы картина арқылы тамашалай алмақ.

Кейбір актерлердің аңдаусызда айтып қалғанына қарағанда, фантастиканың кезекті бөлімі  ерлер мен әйелдердің таққа таласы төңірегінде өрбітілмек.

Эндри Серкис, актер:

-Франшизаны ғылыми фантастиканың ең үздігі дер едім. Райан өз ісінің шебері. Керемет туынды таспалау оның қолынан келеді.

Ал, еліміздің көрермендері, фантастикалық лентаны 14-ші желтоқсаннан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады.