Патшалық әулетіне жаңа қосылған Меган Маркл жайлы фильм таспаланбақ! Жас келінді Селена Гомес сомдайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Маркл жайлы картинаны әлі біраз тосуға тура келеді. Себебі, Елизавета 2-ші және оның отбасы жайлы «Корона» телехикаясын таспалап жатқан студия, келесі маусымда патшалық жанұяның жаңа келінін де көрсетуге құлықты. Меганның рөлін жұлдызды Селена Гомес сомдамақ.

Әзірге, мұндай ұсыныс түсерінен Селена сылқымның өзі бейхабар. Себебі, режиссерлар Меган Марклды сомдауға Гомес қана лайық деп шешкенімен, әлі келіссөздер жүргізіп үлгермеген. Белгілісі тек «Корона» телехикаясының келер маусымында Меган міндетті түрде қосылады.

«Енді, әр фотосессияда жылтыңдап жалаңтөс жүрмеймін!» Адриана Лима бұдан былай ашық-шашық камера алдына шықпаймын деп отыр. Себебі, мінсіз мүсінім әлемдегі көптеген нәзік жандылардың, өздерін кемшін сезінуіне әсер етеді деп пайымдайды. Дегенмен, 36 жастағы сәнбике бұған дейін  «Victoria's Secret» сахнасында қырыққа толғанша жүретінін айтқанды. Сондықтан, жалаңаштанбау қағидасы «періштелік» мансабына еш қатысы жоқ болар.

Ксения Бородинаның қос қызын қазірдің өзінде табысты сәнбикелер қатарына жатқызуға болады! Себебі, 8 жастағы Маруся мен таяуда 2-ге толатын Тея жарнамаға түсіп, тәп-тәуір қаламақы тауып жүр. Ксенияның өзі  фотосессиялар үшің екі миллион теңгеге жуық ақы алады. Ал, егер қос перзентімен бірге бой көрсетсе, бұл соммаға тағы 300 мың теңге қосып беруге тура келеді.