«Ayumi» тобы тарайды! Тұрмысқа әзірленіп жатқан қалыңдық кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан бірнеше ай бұрын, «Аюми» тобының тарайтынын айтып, желідегі парақшасында пост жазған Алуа Қонарова, соңғы шешімін жариялауды жөн деп шешті. Төрттіктің жұмысы тоқтағанымен, ұжымдағы 3 қыз өнерден алыстамайды. Ал, ақ келін атанатын ару кім?! 

Иә, отандық шоу-бизнестегі гелзбендтердің саны біреуге кеміді. Алты жылдан астам уақыт жұмыс жасаған «Аюмилік» арулар, бұдан былай бірге ән салмайды. Олар үшін топтағы қызықты сәттер, енді тек сағыныш естелігі.

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының әншісі:

-Бұл топта мен өстім. Көп жетістікке жеттім деп айтуыма болады. Сондықтан, қимаймын, жүрегімде ауырады, жанымда ауырады.

Топ тарағанымен, қыздар Қонарованың қол астында жұмыс жасай бермек. Мәселен, Ақназ шәкірт тәрбиелеп ұстаздыққа бет бұрса, Назым  хореографтың қызметін атқарады. Ал, Сандуғаш жеке шығармашылығын қолға алмақ ниетте...

Сандуғаш Жұмағұлова, «Ayumi» тобының әншісі:

-Маған тоқтай кетсек, Алла қаласа, біздің мамамыз Алуа Қонарова мені жеке әнші ретінде шығарғысы келеді.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Себебі, Сандуғаш оған лайықты. Оның вокалдық қабілеті де ерекше. Сонымен қатар, еңбекқорлығы мен дарыны өзге қыздардан дараланып тұрды. Алдағы уақытта үмітімді ақтайды деген ойдамын.

Ал, «Аюмидің» төртінші мүшесі Әсел, әзірге келешек жоспарын жұмбақ күйде қалдыруды қалайды. Әншінің ақ келін атануға қамданып жүруі бек мүмкін...

Әсел Жамақаева, «Ayumi» тобының әншісі:

-Менің де жағымды жаңалықтарым бар. Бірақ, оны дәл қазір айта алмаймын. Уақыты келгенде бірден, дүйім жұрттан сүйінші сұрайтын боламын.