«Қағаз кемедегі» өз ойыным ұнады! Иглз, ACE актер атанса, қалай қарайсыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Барша «Найнти уанның» жанкүйерлері асыға күткен «Қағаз кеме» картинасы да өз мәресіне жетті. Иглз, телехикая көңіліңізден шықты ма? Мәселен, ең кішкентай мембер, Bala-мен салыстырғанда, ACE-қа туындыдағы актерлік ойыны ұнаған көрінеді.

 

Ең алғашқы музыкалық «Қағаз кеме» телехикаясы, жаңашылдығымен әрбір иглз көңілін көншіткені анық. Себебі, туынды арқылы жанкүйерлер, сүйікті мемберлерін мүлдем өзге қырынан тани бастады. 

Ал, кейіпкеріммен ортақ ұқсастығымыз жоқтың қасы деген ACE, жаңа образдан бойына жақсы қасиеттерді сіңіргеніне сенімді.

 «ACE», «Ninety one» тобының мембері:

-Дидардан көп нәрсе үйренуге болады деп ойлаймын. Өйткені, әрдайым жұмысын тиянақты істейді. Еңбек түбі жеңбек дегендей, сол мақалды ала отырып, содан көп зат үйренуге болады деп есептеймін.

Халық алдында өнер көрсетуде әбден еті үйренгенмен, кью-поп орындаушылар кинокамера обьективін аздап жатырқағанын да жасырмайды. Тәжірбиенің жоқтығы түсірілім барысына да әсер етпей қоймаған.

«ACE», «Ninety one» тобының мембері:

Өзімнің де бірінші телетүсірілмдегі, телесериалдағы тәжірибем болмағандықтан, қиындықтар болды. Себебі, бірден бәрі беріле салған жоқ. Асықпай бәрін үйреніп, съемканың қандай процесс екенін біле білдік.

Мембердің өзіне телехикаядағы образы ұнаған көрінеді..

«ACE», «Ninety one» тобының мембері:

-Меніңше көңілімнен шыққан сияқты. Сол себептен, сіздерге қалай болатынын өздеріңіз көріп баға бересіздер.

Иглз, АСЕ болашақта актер атанса, бұған көзқарасыңыз қандай?