Алуа Қонарова екінші Жанар Дұғалованы қол астына алды. Азулы продюсердің көздегені не?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әпкесінің ән әлеміндегі жетістігін қайталасын десе керек.., Қонарова болмысы Дұғаловадан айнымайтын су жаңа жобасын ұсынды. Жас қызды қол астына алған Алуа, Жанарға бәсеке болар әншіні дайындауды көздеп отыр ма? Азулы продюсер жоспарын өзі айтсын.

«Аюмиді» таратып, аталмыш ұжымдағы Сандуғашты жеке әнші ретінде таныстыруды көздеген Қонарованың су жаңа жобасын, жұрт Жанарға жиі ұқсатады екен. Қыздың Дұғаловадан аумайтынын алғаш әріптестері байқаған. 

Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының әншісі:

-Кастингтен өткен кезде мен байқаған едім қатты, Жанар Дұғаловаға ұқсайды деп. Бірақ, менің ойымша ол күшті...

Сандуғаш Жұмағұлова, «Ayumi» тобының әншісі:

-Маған Жанар Дұғалова өте ұнайды негізінде... Керемет әнші, керемет актриса!

Сондай-ақ, Қонарованың қол астындағы «Рензолық» Ержанның түр-келбетін ел әлем жұлдыздарына жиі ұқсатады. Сері жігіт инстаға бас сұға қалса, дәл осы тақырып аясындағы пікірлерден көз ашпайтын көрінеді.  

«Renzo» тобы:

-Мен инстаграм парақшасына кірген кезде, Джастин Бибер мен Зэйнды көбірек жазады да. Мен білмеймін, сырт көзден қаттырақ көрінеді ғой...

Ал, өткен жылы ғана «Алашұлы» тобының құрамын толықтырған Ерзаттың қазақ екеніне күмәнмен қарайтындар көп. Өйткені, бұйра шашты жігітің әйгілі актер Роберт Паттинсонға қатты ұқсайтынын желідегілер жиі жазады екен.

Ерзат Рамазанов, «Алашұлы» тобының әншісі:

-Роберт Паттинсонға ұқсайсың дегеннен кейін, арнайы солай Роберт Паттинсон сияқты бір фотоға түстім де, екі жаққа бөліп, мына жағына өзімді қойып, мына жағына Паттинсонды қойып, ал енді ұқсаймын ба деп қарасам... Астына жазып қойдым 10 айырмашылықты табыңыздар деп. Сөйтсем ешқандай айырмашылық табылмады.