Чарли Чаплиннің немересі Милан сән апталығының шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді, Чарли Чаплиннің немересінің сән сахнасындағы дебютіне куә болыңыз! 23 жастағы сері тұңғыш рет, фэшн әлемге Dolce & Gabbana топтамасын Миланда таныстыру арқылы қадам басты.

2018-2019 күз-қыс маусымына арналған топтамасымен, Dolce & Gabbana Милан сән апталығының шымылдығын түрді! «King’s Angels» деп айдар тағылған коллекция, расында ерлерді патша отбасының өкілі ретінде көрсетуге бағытталған! Жарқын түсті кестеленген костюмдер - классика мен спорт шиктің ұтымды үйлесімі!

Доменико Дольче мен Стефано Габбана әдеттегіше жұлдызды отбасылардың өкілдерін сән сахнасына шығарды. Мәселен, модельдер арасынан Памела Андерсонның, Пирс Броснанның ұлдарынан бөлек Чарли Чаплиннің немересін де көзіміз шалды. Кевин Чаплиннің бұл тұңғыш рет подуимға шығуы.

Сән сахнасының төрінен Белла Хадид пен Кендал Дженнер де бой көрсетті. Ерлер сән апталығында қос құрбы не жоғалтты дерсіз! Dsquared2 жеке дәстүріне сай нәзік жандыларға да арналған бірнеше образ ұсынған. 

Бикештердің қамын Emporio Armani, Marni, Versace мен Moschinoда назардан тыс қалдырмаған.