Димаш Құдайберген әлемдік турнесі аясында Еуропа мен АҚШ-қа табан тірей ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайбергеннің қоржыны тағы бір мүсіншемен толықты!   «Weibo awards» салтанатында әншіге «Музыкадағы жаңа күш» марапаты табысталды! Бүгінде, әлемдік турнесін өткізіп жатқан серінің алдағы жоспарлары қандай?

 

Димаш Құдайберген, әнші:

– Армысыздар құрметті достар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!Бүгін, менің барша жанкүйерлерімнің құрметіне, тамаша әнді сыйға тартпақпын. Сіздердің көңілдеріңізден орын табады деген үміттемін!

Бұл күні кеше Бейжіңде өткен «Weibo awards» марапаттау салтанаты! Димаш мәртебелі мейман ретінде шақырылып, аспан асты елінің зор құрметке лайық деп танылған санаулы өнерпаздары сапында, мүсіншені қанжығасына байлады. 

«Weibo awards» 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ауқымды шоу! Биыл тікелей эфирдегі аудиториясы бірнеше миллиардқа жеткен.

Димаш - «Музыкадағы жаңа күш» деуге тұрарлық! Өткен жылы оның тынбай еңбектенгені «тайға таңба басқандай» айқын.  Дәл Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қытайда «D-Dynasty» деген атпен, әлемдік турнесін бастап кетті. Фучжоу, Чанча шаһарларында концертін өткізіп, жаңа жылды да аспан асты елінде қарсы алды. Тек, жыл басында ғана бір апталық үзіліс алып, Ақтөбеде ата-анасының жанында демалып қайтқан. 

Димаштың турне аясында образын Залди Гоко қалыптастырып жатыр! Сәнгер, бұған дейін Майкл Джексон, Леди Гага, Бейонсе, Бритни Спирс, Дженнифер Лопестермен жұмыс істегенді.

«D-Dynasty» әлі де жалғасады. Димаш Қытайдың бірнеше ірі қалаларына тур жасайды. Әрі қарай Еуропа мен АҚШ сахнасына шығып қалуы да ғажап емес.