Мила Кунис - алтын пудинг иегері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал актрисаға «Hasty Pudding Woman of the Year» атты, ерекше марапат табысталды. Сылқым үшін бұл күтпеген сый. Әрине, мұндай құрметке кезінде Элизабет Тэйлор мен Джулия Робертс ие болған еді...

Пудинг тағамымен пішіндес мәртебелі жүлде, Гарвард университетінің қолдауымен сонау 1951 жылдан бастап табысталып келеді. Ойын-сауық индустриясындағы өнімді еңбегі үшін «Жыл әйелі» атанған Мила Кунис - марапатты еншілеген, 67-ші ару.

Мила Кунис, акриса:

-  Құдайым-ау, бұл неткен қызықты күн еді!  Аталмыш марапатты алғандар тізімінде, небір тарихи тұлғаларды кездестіруге болады. Жаңа, арнайы қабырғаға Хеллен Мирренмен қатарласа қол қойдым. Расымен, керемет емес пе?

Көрерменнің сүйіктісі Том Круз әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгеруде. Орта жасқа келген актер, инстаграм желісіне тіркеліп, түсірілім кезіндегі алғашқы фотосымен де бөлісті. Санаулы сағат ішінде, өнерпаздың парақшасына мыңдаған оқырман жазылып, бір-бірімен жарыса қызу пікір қалдыруға кіріскен!

Ерекше образдардың иегері, әнші Риананың жеке стилисті халықты күлкіге қарық қылды. Мелл Оттенберг, әлеуметтік желіге көйлегінің кесірінен көлікке сыймай жатқан Ририді итеріп, отырғызып жатқан суретті жариялады.

Осы оқиғадан соң, Рианнаның бұдан-былай киім таңдағанда мұқият болары сөзссіз .