K-pop әлемді қалай мойындатуда?! Seoul Music Awards — 2018 марапатының иегерлері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

1990 жылдан бері  дәстүрлі түрде өтетін Seoul Music Awards-тың 26-шы марапатының жеңімпаздары анықталды. K-pop индустриясының жарқын өкілдері ЕХО тобы, ең абыройлы «Дэсан» сыйлығын төртінші мәрте қатарынан ұтты.

BTS ұжымы «Үздік альбом, Үздік музыкалық видео, Ерлердің үздік би қойылымы» аталымдарында жеңімпаз деп танылып, «Бонсан» марапатының   иегері атанды. TWICE тобы «Үздік сандық композиция» сыйлығын алып, «Бонсан» жүлдесін де қоса еншіледі.

Бұл өнер бәйгесінде жеңімпаздар танымалдық сауалнамасы, дауыс беру, альбомдар сатылымы мен әділқазылар төрелігі арқылы анықталады.