«Қазақ Мессиі» ойын айтты...

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркебұлан Сейдахмет Ресей Премьер-лигасындағы өз командасының, алғашқы ойыны туралы ойымен бөлісті. 4-наурыз күні «Уфа» өз алаңында  мәскеулік «Динамоны» қабылдамақ. Жерлесіміз өзіне тиесілі 10-шы нөмірмен негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін. Шабуылшының жейдешесінде «Еркош» деген жазу болмақ. Еркебұлан мен оның командаластарына сәттілік тілейміз!

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа»  клубының шабуылшысы:

- Бұл жерде маған барлығы ұнайды. Мен бұл жолы алаңға шығамын ба, жоқ па.. Бұл маңызды емес. Бастысы командаға үш ұпай алу міндет! Бізге еурокубоктік кезеңге өту үшін жеңіс ауадай қажет!