Әнші Әли Оқапов қандай өтіріктің құрбаны болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әли Оқаповқа бәз біреулер тынымсыз хабарласып, кездесуге шақырып жүр. Танымалдылықтың мұндай кері тұсына тап болған әнші, енді байланысқа тек месенджер арқылы шығуға ниетті. Өнерпаздың өзге әріптестері, Әлидің бұл қылығын құптайтын көрінеді.

Әнші Айқын телефон тұтқасын көтере бермейтін танымалдардың қатарынан. Өнерпазбен тілдесу үшін, алдымен мессенджеріне хабарлама қалдырғаныңыз жөн. Серінің өзі, мұны «жұлдыз ауруға» баламайды. Бар болғаны өмірімнің қажеттілігі дейді ол.

Айқын, әнші:

- Телефонды көтере бермеймін. Таныс біреу болмаса, жазылған біреу болмаса. Оның үстіне түске дейін ұйықтаймыз біз.. Сондықтан, көбіне ватсаппен сөйлесеміз біз. Көбіне ватсаппен скидывать етіп, жазыңыз дейміз. Ол ыңғайлы да. Сұраққа жауаппен қайтарасың әдемі этикет сияқты.

Әли Оқапов та жұртпен байланыстың жаңа үлгісін қоштайды. Алайда, әнші өзгелердің ресми әкімгері арқылы тілдескенін жөн көреді.

Әли Оқапов, әнші:

- Тікелей хабарласқанда мен өтінемін, алдымен Ерланға хабарласқанын. Кей кездері тіпті, журналистер емес-ақ, алдап біз журналиспіз деп, осындай арнаданбыз деп, сізді шақырайын деп едік деп, сол алдануға мәжбүр болатын кездер болады.

Дәл осылай табынушыларының арбауынан аузы күйген әнші, ендігәрі өтіріктің тұзағына түспеймін деп отыр. Оқапов сынды жанкүйерлері көп болмаса да, танымал дизайнер Аида Кәуменова да ватсап арқылы хат алмасуды жөн көреді.

Аида Кәуменова, сәнгер:

-Бірде сөйлесе аласың, бірде сөйлесе алмайсың. Сол үшін ватсапқа жазған өте ыңғайлы да. Сосын жұмыстан кейін, демалып отырғанда оқимыз сол ватсапты. Керек информацияны көресіз. Сұраққа жауап бере алсам, жауап берем.

Егер де хабарлама қалдырған адамның өтінішін орындай алмасам, мәселені директорыма тапсырамын дейді сәнгер.