Гарри ханзада темекіні тастады

Сообщить о проблеме с эфиром

Денсаулық- зор байлық! Кәсіби спортшылардай тер төкпесе де, Гарри ханзада да салауатты өмір салтына бетбұрыс жасады. Ол қалыңдығы Меганның өтініші бойынша, темекіге деген тәуелділігінен  біржолата арылмақ.  

Тойға дайындықпен қатар, Меган отбасылық өмірге де қызу кірісіп кеткен. Болашақ ана атанатын ол, Гарри ханзададан шылым шегу мен ішімдік ішуін тоқтатуды өтініпті. Сүйіктісінің сөзін жерге қалдырмаған Гарри, бүгінде спортпен айналысуды қайта бастаған. Болашақ ұрпақтарының денсаулығын ойлаған жас жұптың, тойы мамыр айында өтпек.