Дэвид Бекхэм Индонезияда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аяқдоп шебері Дэвид Бекхэм де жақсылық жасауда көштен  қалмауда. Индонезия елінің Джакарта қаласына ат басын бұрған спортшы, жергілікті тұрғындармен кездесіп қайтты.

Тіпті, Англия құрамасының экс-капитаны өз жанкүйерлерімен футбол ойнауы да тиіс болатын. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты спортшыны қалың көпшілік арнайы алаңанан көре алмады. Есесіне, Бекхэм мырза табынушыларына қолтаңба таратып, кездесуге келгендермен әбден суретке түсіп үлгерді.

Дэвид Бекхэм, футболшы:

-Индонезиялық футболшылар- өте мықты ойыншылар. Сондықтан, меніңше бұл өңірдің дарынды жастарына барынша қолдау көрсету керек. Бұл дегеніміз, жастардың жарқын болашағының кепілі емес пе?!