Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Қазақстанға көшуге дайын.

Сообщить о проблеме с эфиром

Өз елін әлемге танытып жүрген Димаштың, қазір жер шарының әр түкпірінде  көптеген жанкүйерлері бар. Солардың бірі -Лиса есімді жан. Германиядан  келген ол, оңтүстік астанамызда қонақ болып қайтты.

Лиса  Хекер, жанкүйер:

-Димаш "Қазақстанға келіңіздер" деп барлығын өз туған жеріне шақырды, ал мен оның шақыртуын қабыл алып Алматыға келіп отырмын.

Димаштың өзі мен өнеріне деген шексіз махаббаты, Лисаның Қазақ елін етене танып, осында көшіп келуге деген құштарлығын да арттырған. 

Лиса  Хекер, жанкүйер:

-Алматыға келіп, көргеннен соң, көшіп келуге болатынын түсіндім. Осы жақта жұмыс тауып алуы үшін, мен күйеуіме  қазақ және орыс тілдерін үйрен деп те айтып қойдым.

Неміс әйелінің үш перзенті де Димаштың жанкүйерлері екен. Сегіз қырлы әншіден балаларым үлгі алып, тәлім-тәрбиесі ұқсаса еш өкінбеймін дейді ол.

Лиса  Хекер, жанкүйер:

-Менің кенже ұлым  Димаштың үлкен жанкүйері. Егер менің ұлдарым Димашқа тартса, мен өте бақытты болар едім. Иә, ол өте талантты жан, менің балаларымның мінезі-құлқы Димашқа ұқсас болады деп үміттенемін.

Қазақстанға келген Димаштың әр табынушысын құшақ жая қарсы алатын отандастарымыз аз емес. Шетелдік мұндай меймандарды қонақжайлық салтымызбен күтіп, ел мен жерді аралату – бұл жастардың рухани азығы.  

Жаннұр Жолдасхан, фан-клуб мүшесі:

-Біз одан ешқандай пайда көрмейміз. Біз барлығымыз бір үлкен отбасы сияқтымыз. Осы сезімді тек жанкүйерлер ғана сезінетін сияқты. Біз мысалы бір-бірімізді көрмесек те, бір-бірімізді сағынып, көргіміз келіп тұрады.