Әнші Очоудың клипі, хайп қуудың қадамы ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жекпе-жекте рухтандыратын әнге, күні кеше клип таспаланды. Қазақ баласының шаршы алаңда атой салуына, «Дүр қамшы» туындысының әсері мол деседі. Толығырақ түсірілім алаңында болған тілшіміз тарқатсын! 

Дүр қамшы! Бүгінде трендке айналған тақырып пен бұл бейнебаянның тұспа-тұс таспалануы, хайп жасаудың ұтымды тәсілі деп ойласаңыз, қателесесіз! Клип кеше түсірілгенімен, бұл әнді Очоу әріптесі Әсетпен осыдан бір жарым жыл бұрын жазған екен. Өнерпаздар дүр қамшымен тірі адамды жазалаудан гөрі, тұтастай ұлттың намысын жануды жөн көреді.  

Осһоооу, актер, әнші:

-Қамшы – қазаққа тән бір дүние!  Дегенменен енді қазір ән ретінде, рухани бір адамның жүрегіне жететін қылып жеткізбесең, бұл  соншалықты адамды тікелей қамшымен ұратын нәрсе деп ойламаймын.

Әсет Есжан, актер, әнші:

-Қамшымен сабау» деген, тура мағынасында түсінген адамдардың істеп жүрген тірлігі шығар деп ойлаймын. Бірақ баяғыда атам қазақ дау-дамайда, сөз шешкен кезде ортаға қамшыны тастап, содан кейін сөз бастайтын болған да. Бұл сол жердегі «образно» түрде дейміз ғой. Ешкімді тура мағынасында сабамақ ойымызда жоқ!

Бұл әннің арқалаған жүгі салмақты! Қазақ атын әлемге әйгілеген Қанат Ислам, шаршы алаңға дәл осы туындымен ұрандатып шығып жүр. 

Әсет Есжан, актер, әнші:

-Шыны керек бұл әнді Қанат Исламның ұнатып, ол кісінің шыққанын білген жоқпыз. Біз ол кісінің осы әнді шаршы алаңға шыққан кезде, шыны керек жүрегімізді қуаныш биледі де. 

Осһоооу, актер, әнші:

-Сонау Америкада Қанат Ислам дүркіретіп бокс алаңында осы әнмен шыққан болатын.  Біз Әсет екеуміз барып, Америкада ән айтатын болғанбыз. Сонымен бір жағдайларға байланысты бара алмай қалдық.

Ал, қазақ халқын рухтандыруды мұрат еткен патриоттық туынды, жақын күндері жарыққа шығатын болады!