Серік Ибрагимовті концерт ұйымдастырушылары сан соқтырып кетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Афиша ілінген, билет сатылған! Бірақ әнші жоқ! Бұл Серік Ибрагимовтің тарапына айтылған сөз. Өнер иесі концертінің күнін белгілегенімен, ән кешіне келмей қоюды әдеткен айналдырған. Халықты сан соқтырған Серік пе? Әлде ұйымдастырушы ма? Себебін біліп көрдік!

Таяуда, Серіктің Алматы облысында жоспарланған екі концерті, кейінге шегерілді. Оның көктемде Шығыс Қазақстандағы ән кеші де өтпей қалған еді. Ал, телефон арқылы серт берген ұйымдастырушы тарап, алаяқтар тобы болып шыққан көрінеді.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Алдаған жігітке бар шарам сол, инстаграмға салдым. Телефонмен сөйлестім. Ол бұрындары да, біраз адамдарды «лақтырған» екен.  Ол кісілердің атын атамай-ақ қояйын. Ол кісілер маған хабарласып: «Әй, байқап жүрмейсің бе, бауырым! Бізді де осылай лақтырған» - деп айтты соңында.

Сан соғып қалған Серік, жылы сөйлеген жанға сенбеуге шақырады. Әншінің айтуынша, аймақтарда кәсіби ұйымдастырушы атын жамылған, алаяқтар көп!

Серік Ибрагимов, әнші:

-Қазір енді адамдар көбейіп кетті ғой, концерт ұйымдастыратын. Ұйымдастыра алмаса да, ұйымдастырады. Бірақ, халыққа не деп жауап бересің. Халыққа ештеңе деп жауап бере алмайсың.

Серіктің басынан өткен келеңсіз жайтқа, кезінде Айқын Төлепберген де тап болған. Осыдан 4 жыл бұрын Петропавлда «концертіңді ұйымдастырамыз» деген пысықтар, әншіні алдап кеткен көрінеді. Абырой болғанда алаяқтар дер кезінде қолға түскен!    

Айқын Төлепберген, әнші:

-Концерт берейін деп жатқан жерде ұйымдастырушы адамдар, ақшаны алып қашып кетті. Кейін полицияға шағымдандық. Ол конституция күніне орай жасалған концерт еді. Әкімдік біліп, Астанадан хабарласып, ол адамды тауып, үйінен шығарып, түрмеге отырғыза жаздады.

Аузы күйген үрлеп ішедінің күйін кешкен Айқын, бүгінде концертке дейін қағаз

жүзінде келісімшартқа қол қойдырып алады екен. Содан кейін... 

Айқын Төлепберген, әнші:

-Ақшаны алдын-ала алып алу керек деп ойлаймын. Келісілген бағаны. Содан кейін концерттің гонорарын төмендету керек.