Қазақ эстрадасында пластикалық отаның көмегіне жүгінген кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше пластиканың көмегіне жүгінген Луина, өзінің әрекетімен жанкүйерлерінің таңданысын тудырған еді. Ота жасатуға қатысты оның өнердегі әріптестері де өз пікірлерін айтып қалды. Мәселен, Сиви Махмуди әдімі көріну үшін, дәрігер маманының алдына барған ба? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Батыл қадамдарымен әрдайым жұрттың талқысына түсетін Луина, тағы бір ісімен жанкүйерлерінің таңданысын тудырды. Омырауын үлкейту үшін дәрігерлердің көмегіне жүгінген әнші, ота жасатқанын жасырмай желіге жариялаған еді.

Ал, жұлдыздың жанкүйерлерінің бірі Луинаның бұл таңдауын құптаса, қалғандары жағымсыз пікірлерін жаудыра жөнелді.

-Құты болсын, Луина!

-Табиғи нәрсеге жететін ешнәрсе жоқ. Бірақ талғамға талас жоқ дейді ғой.

Әдемілік үшін хирургтың пышағына түскен Луинаның әрекеті жайлы, әнішінің өнердегі әріптестері де өз ойларын ортаға салды.

Әсел Садуқасова, актриса:

-Егер де, аруларға жарасатын болса, неге жаңа технологияның көмегіне жүгінбеске. Маған да сырт-келбетімді өзгерту туралы неше түрлі ойлар келеді. Алайда, табиғи сұлулыққа не жетсін.

«Пластикалық ота жасатқансыз ба?». Дәл осы сұрақтан Сиви Махмудидің бүгінде мазасы қашқан.

Сиви Махмуди, әнші:

-Өнер жолында жүргеннен кейін, баршасы ойлап жатады бізді пластиканың күшімен жүр ма деп. Өйткені өнер жолында, көбісі әдемі адамдар болады. Сол үшін бәрі шынайы емес, табиға емес қолдан жасатылған сұлулық деп ойлайды.

Алайда, сырт-келбетіне қызығушылық танытқан жанкүйерлеріне, әншінің айтар жауабы мынау:

Сиви Махмуди, әнші:

-Мені көбісі ойлайды жасатқан деп. Бірақ еш жерімді жасатпағам. Мен өнер жолында бұрыннан жүрмін. Бұрыннан бастап видеоларымды қарасаң болады, тек қана айырмашылық толық пен арықтық.

Жалпы, табиғи түр-тұлғасына, медициналық жолмен өзгеріс жасатқан шоу-бизнес өкілдері баршылық. Бірі батылы барып ашық айтса, екіншісі сыр қылып сақтауды құп көреді!