Даңқ аллеясында Зои Салдананың жұлдызы жарқырады

Сообщить о проблеме с эфиром

Аватар және Кек алушылар? Даңқ аллеясында Зои Салдананың жұлдызы жарқырады.«Кек алушылар» сиквелының соңғы бөлімінде төбе көрсеткен Зои Салдана, «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдызды еншіледі.

Марвел табынушылары асыға күткен «Кек алушылар: Шексіз соғыс» Зои Салдананың төбе көрсеткен ең ақырғы картинасы. Сиквелде дарынды актрисаға жауыз кейіпкер - Таностың қызы, Гамораның рөлі бұйырған болатын.

Күні кеше әріптестерімен әлемді шарлап, көрерменге «Кек алушылардың» жаңа бөлімін таныстырған ару, тағы бір айтулы салтанаттан табылды. Голливудтағы «Даңқ аллеясында» Зои Салдананың есімімен арнайы жұлдыз қойылды. Кино саласындағы жиырма жылдық еңбегі бағаланға өнерпаз, бұл шараға отбасын түгелдей ерте келген.

Зои Салдана, актриса:

-Мен үшін, шығармашылық шабыттың сарқылмауы өте маңызды.Ал, бүгінгі оқиғадан кейін, жұмысқа деген ынтамның еселене түсетіні анық. Өзіңнің арнайы жұлдыздыңды аллеядан көрген өте қызық екен.

Ал, Зоиды қолдауға Мила сүйіктісі Эштон Катчермен бірге келген. Дарынды актриса мен Кунис ханымның достығы, сонау 2007 жылы түсірілім алаңынан басталған көрінеді.

Мила Кунис, актриса:

-Менің құрбым өте ақылды. Ол жер шарындағы үш тілде және Джеймс Кэмерон ойлап тапқан Аватардағы Нави тілінде де сөйлей алады. Ренжіме Джеймс, қалжың ғой.

Салдананың кинодағы ең жарқын образдарының бірі – Аватар  фантастикалық туындысындағы Нейтири рөлі болып қалмақ. Ең табысты деп танылған лентадағы Зоидың шеберлігін, Джэймс Кэмерон да атап өтті.

Джеймс Кэмерон, режиссер:

-Зои, шеберлігіңе сөзім жоқ. Одан өзге, сенің ерекше күлкіңді айтқым келеді. Сен жымиғанда айнала нұрлана түсетіндей.

Ал, шығармашылық жолында, 40 астам картинада өз рөлдерін сомдап үлгерген Зои, бүгінде Аватардың екінші бөліміне дайындалуда.