«Тақтар ойыны» көруге тұрарлық хикая емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тақтар ойыны» көруге тұрарлық хикая емес! Телевизия саласының кіл мықтыларын анықтайтын, «Бафта» марапатының қазылар алқасы дәл осындай пайымға келді. Сонымен, танымал туындыны шаң қаптырған қай сериал?

Кино және телевизияның үздіктерін анықтайтын Bafta TV Awards 1955 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әйгілі жүлденің биылғы жеңімпазы – «Өткір қалпақтар» драмалық телехикаясы.

Әлем көрермені сүйіп көрген «Тақтар ойыны» мен «Доктор Кім» де мәртебелі марапаттың үміткері еді. Алайда, су астындағы тіршіліктен сыр шертетін «Көгілдір планета» бағдарламасы қос телехикаяны шаң қаптырып, «Көруге тұрарлық» аталымының жүлдесін меншіктеп қайтты.

Джоди Уиттакер, «Доктор Кто» телехикаясының актрисасы:

-Жүлдені ала алмағанымыз үшін еш ренжімейміз. Себебі, біздің телехикаяның көрсетілгеніне 50 жылдан асты. Содан бері онсыз да, талай қошаметке ие болып жүр.

Bafta TV Awards-тың тізімінен украиндық боксшы Владимир Кличконың да есімі табылды. Энтони Джошуа екеуінің жекпе-жегі «Үздік спорттық көрсетілім» атануға үмітті еді. Алайда, бұл жолғы жеңіс сәйгүліктердің аламан бәйгесі жайлы өзге бағдарламаға бұйырыпты.