Киім үшін қыруар қаржысын аямай жұмсайтын қай жұлдыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, шоу-бизнестегі кейбір арулар отандық дизайнерлердің киімін бірінші болып кию үшін, фэшн көрсетілімдерін торуылдап жүр. «Ең сәнді» атану үшін, мұндай жанкештілікке барған қай жұлдыз? Тілшіміз айтып берсін.

Жәмиля Серкебаева Қазақстан фешн уик аясында, «Аруназ» сән үйінің топтамасын таныстырған болатын. Өзінің образы көңілінен шыққаны соншалық, скрипкашы үстіндегі киімін шешпестен, сахнадан түсе сала сатып алды.

Жамиля Серкебаева, скрипкашы:

-Үстімдегі образды тек сахнаға ғана емес, сондай-ақ маңызды кездесулерге де киюге болады. Өз басым, қай жерге барсам да көзге түскенді жақсы көремін. Бір сөзбен айтқанда маған керек киім.

Керегін тапқан өнерпаз, туындыны өзгелер алып кетеді деп қорыққан болуы керек, бағасын да сұрап үлгермеген. Ал, Сиви Махмуди әріптесінің бұл қылығын құп көрмейді. Ару, «ең сәнді» атану үшін дизайнерлермен көрсетілімнен бұрын сөйлесіп қояды екен.

Сиви Махмуди, әнші:

-Негізі Наильдің көйлегін көруге және сатып алуға келдім. Қарастырып қойғам. Ол алдын-ала жіберді маған суретерін. Осы жаңадан шыққан, показға қатысқан көйлектерін.

Ақыр соңы, Махмуди ханымның таңдауы қара көйлекке түсіп, әнші оны талай кештерге де киіп үлгерді. Ал, аталмыш туындының бағасы жүз мың теңгенің бірнешеуін құрайды.

Алтынай Жолдыбаева болса, дизайнер Леонид Жеребцовтың ұсынғанын алғашқы болып киюге асығады. Фэшнның көшінен қалмауы үшін, әнші ару қаражатқа да қарамайды. Ең бастысы – өзгелерден ерек болу дейді ол.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

-Маған бір киім ұнады. Кейін Леонидтің өзімен сөйлесемін, мүмкін сол образда сахнаға киіп шығатын шығармын. Бүгінгідей Азиаттық образ менде болған жоқ. Сондықтан да, кимономен сахнаға шыққан мен ойлаймын өте ерекше.