«Арнау» тобы қайта оралды! Шығармашылығын жандандырған Салтанат Бақаева, сәбиін енді кімге қалдырмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тыңдарманының сағынышына айналған «Арнау» тобы, жанкүйерлерінің жүрегін қайта жауламақ ниетте. Ол үшін ұжымның құрған жоспарлары да жетерлік. Алайда, бұл жағдай Салтанатты аздап алаңдатуда. Себебі, әнші балаларын кімге қалдырарын білмей дал.

Кенжесін дүниеге әкеліп, үшінші мәрте ана атанған Салтанат Бақаева сахнаны сағынып жүр. Әнші ару ең алдымен, ұмыт бола бастаған «Арнау» тобын қайта жандандырып, ел алдына оралуды көздейді.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

«Арнау» тобының бірнеше әнін жазып тастадық. Енді, соның біреуін таңдап бейнебаян түсіреміз деген жоспарымыз бар. Содан кейін күзде+ бір концерт жасасақ, Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып.

Алайда, Салтанат бүлдіршіндерін кімге бақтырарын білмей жүр.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

Көбіне балама өзім қараймын. Әсіресе қазір енді-енді жұмысқа шығып жатырмын. Қазір балам өзіммен бірге.

Жұмыс көбейе бастаған жағдайда, балаларымды үйдегі көмекшіме қалдыруыма тура келеді дейді Салтанат. Құрбысының бұл сөзін құлағы шалған Әсем Нұрсейітова да, тақырыпқа қатысты ойын білдірді.

Әсем Нұрмейітова, дизайнер:

 Менде арнайы бала күтуші жоқ. Бірақ кейде анда-санда шақыратын адамым бар көмектесетін. Өйткені баламен барлық жерге бару мүмкін емес қой. Сондықтан қалдырып кетемін.

Танымал цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов болса, қазіргі аналарды қатал сынға алды. Отағасы, жанұядағы бала өсіруге өзгенің араласуына үзілді-кесілді қарсы.

Мұрат Мұтырғанов, цирк әртісі:

Мен бала күтушілерге қарсымын! Себебі, кезінде аналарымыз өзге адамның көмегіне жүгінбеген. Сондықтан, әйеліме бала күтуші алдыруға рұқсат бермеймін.

Оның үстіне, бала күтішу жалдаудың өзі қыруар қаржы.