«91» тобының жаңа альбомының уақыты белгілі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұзақ уақыт үнсіздікке кеткен 91 тобы, күні кеше Астана Open Air кешінде өнер көрсетті. Жігіттер уақыттарын құр өткізбей, камбэк әзірлеуде. Сонымен қатар, мемберлер жаңа альбом жазып жатыр. Ал, иглз тың туындыны қашан тыңдай алмақ?!

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған, «Ұлы дала Бірлігі» атты мерекелік кешке, 100 мыңға жуық көрермен жиналған. Айтулы шара, осымен 4-ші жыл қатарынан өтуде.

Концерттік бағдарламадан, отандық жұлдыздардан бөлек, Ресей елінің әншілері де табылды. Көршілес мемлекеттің танымал өнер иелері, өз туындыларын шырқап, кеш атмосферасының ажарын аша түсті. Дубайдағы саяхатынан оралған Ерке Есмахан, елорданың суығына тоңып, жылынудың түрлі амал-тәсілін қолданып көрді.

Айтулы шараның сәнін келтірген топтардың бірі – «Найти Уан». Жігіттердің өнерлерін сағынған табынушылары, әндерін қоса шырқап, дамыл таппады. Аздаған шығармашылық үзілістен соң, сахнаға қайта оралған мемберлер, жанкүйерлерін соңғы жаңалықтарымен де қуантты.

 

«Дофамин» атты әнжинақтарын жазып жатқан өнерпаздар, камбэкті 20-шы маусымға жоспарлап отыр. Иглз көптен күткен альбом да, жақын арада жарық көрмек.