Қапқарашка, дене бітімі келісті жігітке қалай айналды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауда отандық өнерпаздар да қол қусырып отырған жоқ. Дәл қазір Нұржан Керменбаев артық салмақтан арылудың қамына кіріскен. Қалыпты дене сымбатын сақтау үшін, Қапкарашка қандай тәсілдерді қолданады?!

Нұржан, былтыр Алматыда өткізген есеп беру кешіне дайындық барысында, 7 келіге дейін салмақтан арылған. Бұрынғы томпақ қара балаға көзі үйренген көпшілік, концертте денесі сымдай тартылған серіні көріп аң-таң болғаны рас. Ал, қазіргі таңда Керменбаев жалқаулыққа жиі бой алдырып жүр екен.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Бүгіннен бастап қазір заттарымды алып алдым. Қазір залға бара жатырмын. Кішігірім велосипед алып қоюларына кеңес беремін. Өйткені велосипед қарынды өте жақсы кетіретін дүние.

Аян Бірбаев дене сымбатын сақтай біледі. «Ринголық» әнші қыста қатты салмақ қосса, жаз мезгілінде бұл мәселені шешуге тырысады екен. Салауатты өмір салтын ұстанатын өнер иесінің, өзі шыңдаған жалғыз тәсілі бар.

Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:

-Таңертең оянып тұрғаннан кейін, ештеңе жемей су ішіп алу. Ол су азқазанға барып, белгілі бір орынды алып алады да. Одан кейін таңғы асыңды ішіп жатқан кезде көп жемейсіз. Өйткені асқазанның жартысы сумен толып қалады. Соны қолдану керек.

Ал, бала кезден спортқа бейім Дильен, жаз мезгілін демалысқа арнайды екен.

Дильен, «Mysterions» тобының әншісі:

-Жаз мезгілінде жалқаулық пайда болады. Көбінесе жазда демалады ғой адамдар. Күзде, көктемде, қыста басталады ғой жаттығу. Сондықтан, мен ойлаймын жазға қарай демалып, күзге қарай дайындалсам.

Жаз - жағажайға асығатын маусым! Жұлдыздар айтқан кеңестер жігіттер қауымының кәдесіне жарап қалар!