Сара Амангелді сырын айтам деп, шынын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жігітпен жүрмейсің, тұрмысқа шықпайсың! «Кешьюдің» құрамына қабылданған қыздарға, Баян Алагөзова осындай талап қоятын. Бірақ, продюсердің шарттары соңғы жылдары өз күшін жоя бастағандай. Мәселен, Сара Амангелді атышулы ұжымда ән салған шақта да, сүйіктісінің болғанын жасырмайды.

Сара Амангелді, әнші:

-«Кешью» тобында ән айтып жүрген кезде, айтады ғой көңіл жарастырған жігітім болды. Сосын, біз айырылысып кеткеннен кейін, мен көп заттарды ойландым. Осылай болған еді. Неге олай болды деген сұрақтар өзімді, жеді де ішімнен.

Сараның келесі клипіндегі сюжет желісі, құдды бір өзінің өмірлік оқиғасынан алынғандай. Бір бейнебаянда 5 образға енетін әнші қыз, «Есімде» атты трекке жаңа видео таспалап жатыр.

Сара Амангелді, әнші:

-Бәрі әлі де есімде деген сияқты. Махаббатым, өткен өмірім, сен мені менсінбедің. Қазір мен осындай болып кеттің. Күнәнің бәрі өзіңде деген сөздер бар.

Шығармашылыққа белсене кіріскен әншінің, қазіргі таңда сүйгені жоқ. Баянсыз махаббаттың құрбаны болған қыз, жігіттер қауымынан көңілі қалғанын айтады.

Сара Амангелді, әнші:

-Білмеймін көңілім қалып кетті деген ойдамын. Бағаламады десе де болады. Мені алдады. Содан кейін, менің де хақым бар сияқты, бұл өмірдегі махаббатқа ренжуге дейді ғой.

Бұл бейнебаян «Кешьюден» кеткеннен кейінгі екінші видеосы. Әнші арудың Нұржан Керменбаевпен бірігіп таспалаған дебюттық клипі - «Доғар» деп аталады. Сараның сөзінше, жеке шығармашылығы сәтті басталғанға ұқсайды.

Сара Амангелді, әнші:

-Өйткені, мен «Лашын», «Кешью» тобында жүрген кезде, мұндай бір ай аралығында, қаралым жағынан нәтиже болмаған.