NBA жұлдыздары жаңа комедиялық туынды ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йоркте танымал баскетболшылардың қатысуымен, «Ағатай Дрю» комедиясының тұсауы кесілді. Тың туындыда, NBA жұлдыздарының өзі бой көрсеткен. Әзілге негізделген картина, несімен ерекше?!

«Ағатай Дрю» - баскетбол спортын сүйетін жандарға арналған комедия. Фильм, 2012-ші жылы жарық көрген телехикая негізінде таспаланыпты.

70-ші жылдары АҚШ-та танымал болған Дрю, қайтадан команда жасақтап жарысқа шықпақ. Егде тартқан баскетболшылардың, жас спортшылармен доп ойнаудағы тартысы – лентаның көркін аша түспек. Жеңіске жету үшін барын салатын Дрю ағайдың хикаясы, көрерменді күлкіге қарық қылатыны анық.

Ал, туындының тұсауын кесу үшін Нью-Йорк қаласына жиналған спортшылар үшін, бұл күн ерекше. Себебі олар, актерлық қабілеттерін алғаш рет сынап көрген.

Аарон Гордон, баскетболшы:

-Бізге осындай мүмкіндік туғанына қатты қуаныштымын. Өте тамаша туынды түсірдік. Ең сүйікті ісімді, фильмнен көру мен үшін бақыт.

Ал, америкалық баскетболшы, рэпер және актер Шакил О’Нил үшін, бұл лента шығармашылығында 20-шы картина болып отыр.

Шакил О’Нил, баскетболшы:

-Біз әйгілі хикаяны, үлкен франшизаға айналдырмақпыз. Бұл тек бастамасы ғана. Көрерменді, аққұба жігіттер баскетболда әлсіз деген ойларынан айыруға тырыспақпыз.

Қызыққа толы ойын алаңына, саяхат жасауға мүмкіндік беретін картина, тамыз айынан бастап көрерменге жол тарпақ.