Актер болып жүріп әншілікке жол салғандар.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Марвелдің» жақында жарыққа шығатын тың туындысында басты рөлді сомдайтын Том Харди болса, енді әншілік қабілетін сынап көрмек. Танымал актердің репертуарында бірнеше трек те бар екен. Ал, отандық шоу-бизнестегі актерлік өнерден музыка әлеміне жолын ашқандарды тілшіміз тізімдеген еді.

Кино әлемінің беделді өкілі Том Харди, кезінде ән айтуды ермек еткен. Алайда бұл өнерін көпшілікке паш етуге жүрексінген екен. Актердің 1999 жылы жазылып қойған альбомы, күні кеше жарық көріп, жағымды пікірлерге ие болуда. Рэп шығармаларын орындауды ұнататын Том, енді жеке үнтаспасын жазып, қантар айында ұсынбақ.

 

Актер Уилл Смит болса, шығармашылығын музыкадан бастап, кейін актерлікке бет бұрған еді. Танымал жұлдыз, қазіргі таңда да ән әлеміне қайта оралуға қарсы емес. Ал, Джонни Депптің де ән шырқауда өнерлі жетерлік. Актер түрлі аспаптарда ойнап қана қоймай, жеке кештерін де өткізіп тұрады.

 

Отандық жұлдыздар арасында, шығармашылығын музыкадан бастаған Ғазрет Ержанов екі бейнебаян таспалап, сахнада да бағын сынап көрген.

Ғазрет Ержанов, актер:

-Кезінде тіпті мен, Қытай еліндегі «Дауыс» жобасына шақырту да алған едім. Өте қуанышты болдым. Өкінішке орай қатыса алмадым.

 

Әншілік мансабы өрге домаламаған сері, қазіргі таңда өз жолын кино әлемінен тауып, актерлігін паш етіп жүр.

 

Ғазреттің өнердегі әріптесі, әрі досы - Артур Төлеповтің де репертуарында бірнеше әні мен бейнебаяны бар. Тележүргізуші әрі актер ретінде елге белгілі жігіттің сөзінше, өнерлі адамның қолыннан бәрі келуі тиіс.

Артур Төлепов, актер, әнші:

-Жалпы өнер жолынан кетіп, басқа бір салада жұмыс істейм деген ой болды. Бірақ жеме-жегінде жан дүнием өзгере де қалды. Ән айтқым келді. Енді бұл әңгіме бір өнерде 30-40 жыл жүрген адамның әңгімесі болса да, өнерді қатты сүйгем.