«Мадмэн» тобы қыздарға неге уақыт таба алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Q-pop бағытында өнер көрсететін «Мадмэн» тобының жігіттері, шығармашылық жолда тынбай еңбек етеміз деп, жеке өмірлеріне уақыт таппай жүрген көрінеді. Ал, сан бойжеткеннің арманына айналған серілерге, қандай сипаттағы қыздар ұнайды?

«Mad Men» тобы:

-Әр баланың өз идеалы бар. Менің идеал дейті қызым жоқ.+Тек качествалар, ол сыпайы, тәрбиелі әдепті, өз-өзін күтіп жүретін, тамақ істей алатын әдемі бір қыз.

Бұл топтың вокалисті Moora-ның арманындағы аруды, Rem білсе керек.

«Mad Men» тобы:

-Негізі айтқанда идеал ол... Мені айтайын, шашы иісі жұпар шығатын қыздар ұнайды оған.

Өнерпаз жігіттер бар уақытты шығармашылыққа арнауда екен. Тіпті, мектеп қабырғасынан енді түлеп ұшқан бозбалар, студенттік өмірдің қызығынан да құр қалмауды қалайды. Ал қыздарға келсек:

«Mad Men» тобы:

-Жоқ. Не себепті, уақыт жоқ. Сол баяғы уақыт жоқ деп айтсақ болады.

Өнер жолында тер төгіп , жеке өмірді мүлде ұмыттық деген мэдмэндіктер, біраз уақыт үзіліс жасаған еді. Табынушыларына көптен күткен камбэк әзірлеп жатқан олар, бос уақыттың қалай өтетінін айтып берді.

«Mad Men» тобы:

-Жалпы біздің 5 студиямыз бар. Топтағы әр бала хореограф болып жұмыс істейді, биден сабақ береді. Сонымен қатар, шығармашылық пен оқуды алып жүріп, бос уақытқа шыны айтқанда тамақ жеу үшін, ұйықтауға тұрмыстық жағдайларға ғана уақыт қалады деуге болады.

Ал, басы бос жігіттер, бар махаббатымызды тыңдарманға арнаған тың тарутымызға салудамыз дейді. Сол сезімнің бір бөлігін, жуырда жарық көретін, «Ла ла лем» туындысында байқатпақ.