Балжан Бидаш «Кешьюден» кетеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешью» тобында таусылмайтын өзгеріс! Таяуда Баян Мақсатқызы тағы бір ел күтпеген жаңалықты жеткізген еді. Иә, атышулы продюсердің сөзін, гелзбендтегі әнші қыздар да растады. Бүгінде Балжан Бидаш ұжымды тастап, жеке шығармашылыққа білек сыбана кірісіп кетіпті.

Балжан Бидаш «Кешьюге» 2015-ші жылдың басында қабылданған. Оның ән салған шағы, атышулы топтың 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бірақ бұл ұжымда ұзақ тұрақтай алмасын, әнші қыз ешқашан естен шығарған емес.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-«Кешью» тобына келген кезімде 1-2 жылдай кішкене топқа кірісе алмай жүрдім. Өйткені осы уақытқа дейін кішкентайымнан ән айтып жүргендіктен, жеке әнші ретінде өзімді қабылдап қалғанмын. Көп халық айтып жатты, сен топтың ішінде бөленктеніп тұрасың деп. Оның себебі, осы менің жеке әншілікке үйреніп қалғандығым.

Балжан бала күннен жетелеген арманына таяуда қол жеткізбек ниетте. Осы уақытқа дейін сахнаға жеке шығу жайлы жоспарды қанша құрса да, іштегі ойын жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-«Кешью» тобының жұмысы өте қатал. Продюсеріміздің талабы қатал. Сондықтан өзіндік бір ережелері бар. Сондықтан ондай видео түсіруге болмайды, ән жазуға болмайды, фотосессия жасауға болмайды деген нәрселер бар

Бұдан былай Балжан Бидаш жеке әнші! Бұл Баян басқаратын орталық пен әнші қыздың ортақ шешімі екен. Ал, мына шет елдік әнге кавер жасаған ол, шығармашылықта дара шығатынын астарлап жеткізгісі келген.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Мен кішкене өзімді жеке әншілікке, кішкене іштей дайындап жатқанымның белгісі болуы керек деп ойлаймын.

Осылайша Баян Алагөзованың продюсерлік ұжымында тың жоба. Ал, «Кешьюден» кететін Балжанның ән әлеміндегі бағыты әлі айқындалмаған.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Әзірге бағытын шешкен жоқпыз әлі. Бірақ былай жәймен таңдап жатқан әндер бар. Бірақ тек кью-поп стилі емес немесе «Кешью» стилі емес. Басқа!

Бүгінде Баян «Кешью» қатарына басқа бұрымдыларды баулып жатқан көрінеді. Жаңа құрам жасақталған соң, продюсер БАҚ өкілдерінің басын қосып, қыздар тобын ресми түрде таныстыратын болады.